Түркиядағы аса ірі теміржол апаты (фото+видео)
Түркиядағы аса ірі теміржол апаты (фото+видео)
11 күн бұрын 1927 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркияның солтүстік-батысында орын тепкен Текирдаг провинциясында Капикүл-Ыстамбұл бағытындағы жолаушылар пойызы релстен шығып кетіп, салдарынан 10 адам қаза тапты және 73 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Бұл жайында түріктердің "Анадолы" ақпарат агенттігі жексенбі күні хабар таратты. Талай адамның ажалына себепші болған апат орын алған жерге құтқарушылар мен жедел жәрдем, сондай-ақ, әскери тікұшақ келді, арнайы техника жұмылдырылуда. Алдын ала алынған мәліметке қарағанда, бұл апат нөсердің кесірінен теміржол астына төселген топырақтың опырылуынан орын алған. 



0 пікір
Мұрағат