Түркияда отандық соққы беруші тікұшақ сынақтан сәтті өтті (видео)
Түркияда отандық соққы беруші тікұшақ сынақтан сәтті өтті (видео)
25 күн бұрын 373 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркия билігі соңғы жылдары қорғаныс саласында, дәлірегі, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс әскери техникалар мен қару-жарақ өндірісін жетілдіру бағытында айтарлықтай жетістікке жетті. Бұл сөзімізге  алыстан іздеудің қажеті шамалы. Өйткені, осыдан бір апта бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «Түркияның қорғаныс саласындағы ең үлкен жетістігі неде? (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/turkiyanyn-qorganys-salasyndagy-en-ulken-jetistigi-nede-ontustik-koreya-qaruly-kushterindegi-sarbazdar-sanyn-500-mynga-deiin-qys-12638/#gsc.tab=0) деген хабарымызда келтірілген деректер дәлел бола алады. «Қару кімнің қолында, соның жеңіске жету мүмкіндігі жоғары. Бұдан бөлек, қару өзіңде өндірілсе, қауіпсіздігіңді қамтамасыз еткенің Әлемде осы заманғы қару-жарақ түрлерін экспорттайтын елдер санаулы ғана. Солардың бірі Түркия. Анкара университетінің дінтану факультетінің 70 жылдық мерейтойында сөз сөйлеген ел президенті Режеп Тайып Ердоған елдегі қару-жарақтың тек 20 пайызын ғана өздерінде жасайтын кезден өтіп, бүгінгі таңда бұл көрсеткішті 70 пайызға жеткізгендерін мақтанышпен жеткізді. Яғни, қорғаныс саласындағы импортталмайтын қару-жарақ түрлерін 20%-дан 70%-ға жеткізу үлкен жетістік. Қазіргі уақытта Түркия қару-жарақ экспортынан 2,5 млрд доллар пайда тауып отырған ел» деп жазыппыз. Бұдан бөлек, беспилотниктен бастап, баллистикалық зымыранға дейін өздері құрастырып жатыр (қараңыз: «Түріктер өздері жасаған баллистикалық зымыранды сынақтан сәтті өткізді» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/turikter-ozderi-jasagan-ballistikalyq-zymyrandy-synaqtan-satti-otkizdi-9930/#gsc.tab=0), «Түріктердің жаңа танкісі сынақтан сәтті өтті» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/turikterdin-jana-tankisi-synaqtan-satti-otti-7865#gsc.tab=0). Осы жолы Atak Faz-2 деп аталатын отандық соққы беруші тікұшағын сынақтан сәтті өткізді. Бұл жайында Түркияның қорғаныс өнеркәсібі басқармасының жетекшісі Исмаил Демир мәлім етті. Түріктердің Türk Havacılık ve Uzay Sanayii AŞ (TUSAŞ) компаниясы құрастырған әскери мақсатта қолдануға арналған бұл тікұшақ қашықтықтан хабар алмасудың  лазерлік жүйесімен, т.б. осы заманғы технологиямен жабдықталған. 

0 пікір
Мұрағат