Түркияда жарылған шахтада 200 адам жер астында қалды
Түркияда жарылған шахтада 200 адам жер астында қалды
10 жыл бұрын 3493

Мамырдың 13-ші жұлдызында Түркияның Маниса провинциясындаға көмір шахтасында жарылыс болды. Жерастында дәл сол уақытта 787 адам болған. 360 астам жұмысшы құтқарылды. Әлі 200-ге жуық адам жер астында қалып қойды. Қазіргі үздіксіз іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта 80 кенші жарақат алса, 4-і ауыр жағдайда ауруханада жатыр.

Осы жағдайға байланысты Реджеп Тайып Ердоған Албанияға сапарын кейінге шегеріпті. Қайғылы жағдай орын алған шахтаны өз көзімен көрмек.

Жарылыстың себептері анықталуда. Белгілі болғандай мамандар жарылыс қысқа тұйықталудан болған деген болжам айтуда. Нақтырақ айтсақ, 2 шақырым тереңдікте орналасқан трансформатор стансасында қысқа тұйықталу болған. Нәтижесінде шахтаның барлық электр жүйелері істен шыққан. Артынша өрт шығып, соңы осындай қайғылы апатқа соқтырып отыр.

Қазір табылмаған кеншілердің ағайын-туыстары үлкен үмітпен жақсы жаңалықтар күтуде.  

«Түркия шахталарында апаттар жиі болып тұрады. Ең үлкен апат Зонгулдак провинциясындағы шахтада 1992 жылы болған. Онда 263 адам қаза тапқан» дейді ru.euronews.com.

0 пікір
Мұрағат