Түркия Солтүстік альянстен бөлек ЗҚҚ жүйесін құрады
Түркия Солтүстік альянстен бөлек ЗҚҚ жүйесін құрады
9 жыл бұрын 3130

Түркияның зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі Солтүстік альянстан бөлек болады. Бұл жайында Reuters ресурсы Түркияның қорғаныс министрі Ісмет Йылмызға сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Түріктер аталмыш қорғаныс жүйесін Қытайдың көмегімен құратын болады: 2013 жылы орташа және үлкен қашықтықта ұшатын зенит-зымыран жүйесімен Түркияны қамтамасыз етуге арналған T-LORAMIDS (Turkish Long Range Air And Missile Defence System) тендерді ұтып алған болатын. Хабарға қарағанда Түркия Қытайдың «екінші академия» аталып кеткен мемлекеттік China Aerospace Science and Industry Corporation (CASIC) корпорациясы жасаған (ЗРС) HQ-9 зениттік-зымыран жүйесінің кем дегенде 12 комплектісін сатып алады. HQ-9 – кезінде Кеңес одағында жасалған С-300П зениттік-зымыран жүйесінің Қытайдағы баламасы болып табылады. 

0 пікір
Мұрағат