Түркия шекарасын адамның жүзін танитын қондырғылармен шегендеді
|
Аталған жүйе іздеуде жүрген қылмыскерлер мен күдіктілерді аулауға және лаңкестерді ұстау мақсатында іске қосылды. Бұл жайында аталған елдің кеден және сауда министрі Бүлент Түфенкчи мәлім етті. Осы заманғы жоғарғы технология Түркияның Сириямен, Иракпен және Иранмен арадағы 11 шекара бекетінде орналастырылды. «Бұл инновация – халықаралық терроризммен күреске қосылған маңызды үлес. Шекарадан өткендердің фото-суреттері полицияның бас басқармасының деректер базасына жіберіледі. Бұл алдағы уақытта тек терроризммен күресте ғана емес, сонымен бірге, заңсыз миграциямен күресте тиімді нәтижесін береді»,- деді министр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Жаһандық проблемаға байланысты жыл өткен сайын азық-түлік қымбаттай беретін болды
■
2100 жылға қарай барлық дерлік елде бала туу көрсеткіші өсу деңгейінен төмендейді
■
Суды микропластиктен қайнату арқылы тазартуға болатыны анықталды