Түркия өз «әл-Азһарын» ашатын болды
Түркия өз «әл-Азһарын» ашатын болды
2 жыл бұрын 773

Түркияда Мысырдағы әлемге әйгілі «әл-Әзһар» жоғары оқу орнына балама ретінде Халықаралық ислам университеті ашылатын болды. Бұл жайында Түркияның дін мәселелерімен шұғылданатын министрліктің жетекшісі Мехмет Гермөз мәлімдеді. Аталмыш министрлік осы мәселе бойынша Түркияның жоғары білім беру жөніндегі комитетіне өтініш те беріп қойды. Комитет тарапынан рұқсат берілетін болса, Халықаралық ислам жоғары оқу орны Ыстамбұл шаһарындағы «29 Майыс» (29 Mayıs) университетінің базасы негізінде ашылуы ықтимал.

0 пікір