Түркия НАТО құрамынан шығуы мүмкін бе
Түркия НАТО құрамынан шығуы мүмкін бе
6 жыл бұрын 4447 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркияның қазіргі билігі соңғы уақытта НАТО құрамынан шығаруға апаратын бірнеше саяси жүріс жасады. Түркияның өзінің қауіпсіздігі мен аймақтағы ықпалын сақтап қалу үшін барынша дербес саясат жүргізуі батыс елдеріне ұнамайды. Атап айтқанда, батыстың бас ауруына айналған Ресеймен жақындасуы, СУ-400 зениттік зымыран кешенін сатып алуы (АҚШ аталған зымыран кешенінің баламасын ұсынып отыр), Сирия жеріндегі әскери операциялар, т.б.  Өйткені, Түркия батыс елдері мен Ресей арасындағы саяси текетірес пен тайталасты пайдаланып қалуда деген айыптаулар негізсіз. Ең алдымен, Түркия мүддесі үшін түріктер аталған қадамдарға барып отырғанын астын сызып тұрып айтар едік. Десе де батыстың қанша төзімін тауысса да Түркияның НАТО құрамынан кете қоюы мүмкін бе? Батыс елдері де Түркияның шыдамын сынап отыр: АҚШ пен Францияның Сирия жеріндегі (Түркия іргесіндегі) күрд жасақтарына қару-жарақпен жабдықтап болысуы (Түркияның НАТО-ға мүше екеніне қарамай), сондай-ақ, Жерорта теңізінде АҚШ, Израил, Грекия және Кипрдің флоты наурыз айының 6-ы күні Түркияға қарсы әскери жаттығу жүргізді. Әлбетте, НАТО-ға мүше батыс елдері мен Түркия арасындағы қайшылық күрделі сипат алып барады. Оның үстіне, Түркияда көп ұзамай, дәлірегі, маусымның 24-і күні өтетін президент сайлауында президентке кандидат, "Vatan" партиясы атынан саяси науқанға қатысатын Догу Перинчек те сайлауда жеңіске жетсе, Түркияны НАТО құрамынан шығарамын деп уәде етіп отыр. Түркияның Солтүстік Атлант әскери альянс құрамынан шығатыны жөніндегі ешбір сарапшы кесіп-пішіп айта тоқетерін айта алмайды. Түркиядан бұрын батыс елдері үшін де бұл саяси оқиғаның минус жағы басым. Ресейдің шығыс Еуропада және Таяу Шығыста ықпалына қалқан ретінде Түркиядан артық елді таппайды. 

 

0 пікір
Мұрағат