Түркия НАТО құрамынан шығуы мүмкін
|
Бұл жайында аталған ел президентінің бас кеңесшісі Садық Арслан мәлім етті. Бұған Солтүстік альянстың Түркияға қырын қарайтыны себеп болуы мүмкін. Бұдан бөлек, Түркияның батыстың мәңгілік бас ауруына айналған Ресейден зымыран сатып алу турасында келіссөз жүргізгені де НАТО құрамындағы елдерді абыржытып тастаған болатын. Оның үстіне, НАТО мен Түркия арасындағы жанжалдың тұтануына Норвегия аумағында НАТО сарбаздарының әскери дайындыққа жаттығу кезінде шартты қарсылас ретінде Түрік Республикасының негізін қалаған Мұстафа Кемал Ататүріктің фото-суретін таңдағаны себеп болды. НAТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркия билігі мен халқынан ресми түрде кешірім сұраса да түріктер әзірге жауап қатқан жоқ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Тәуліктің ең қауіпті сағаты түнде екені анықталды
■
Сейсмикалық қауіпті қалада жер қозғалса «қозғалмайтын» зәулім ғимарат бой көтерді (фото)
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Түркия алғаш рет қарт тұрғындары көп елдер санатына енді