Түркия Еуропа елдеріндегі исламофобияны тексермек
Түркия Еуропа елдеріндегі исламофобияны тексермек
6 жыл бұрын 2364 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркия еуропалық елдердегі исламофобия деп аталатын әлеуметтік дерттің түп-төркінін тексеруге ниеттеніп отыр. Нақтырақ айтқанда, исламофобия белең алған Германия, Франция, Белгия және Австрияда. Belga ақпарат агенттгінің тарақан хабары мен келтірген дерегіне қарағанда, кәрі құрлықтағы исламофобияны түрік парламенті жасақтаған арнайы комиссия тексермек. Түрік депутаттары аталған төр елдің билігімен келіссіөз жүргізіп, өздері құрған комиссияның жұмыс істеуіне рұқсат алып бермек. Түркия билігінің мұндай қадамға баруына австриядағы нәсілшілдік түрткі болып отыр. Дәлірегі, австриялық бұқаралық ақпарат құралдарында пайда болған мына жаңалыққа ел тұрғындары өретүрегелген екен: 2018 жылы Вена қаласында тұңғыш дүние есігін ашқан шарананың тегі түрік қыз бала болған. 

0 пікір
Мұрағат