Түркия Ақса мешітін де ұмра өтейтін орын санатына қосты
Түркия Ақса мешітін де ұмра өтейтін орын санатына қосты
9 жыл бұрын 2677

Түркияның дін істері жөніндегі басқармасы Құдыс шаһарындағы исі мұсылман үшін маңызы жағынан үшінші қасиетті орын саналатын Ақса мешітін де ұмра (кіші қажылық) өтейтін орын санатына қосты. Аталмыш бағдарлама үстіміздегі жылдың сәуір айының 15-і күнінен бастап, күшіне енеді. Түрік билігі мұндай қадамға ел тұрғындарының өтініші бойынша барған. Кіші қажылығын Ақсада өтегісі келетіндердің өтініші ақпан айының 24-і күнінен бастап, қабылдана бастады. Қажылар Ақсаға Ыстамбұл шаһарынан сәуір айының 15-і күні ұшып кетеді. Қажылар Құдыста 3 күн, нұрлы Мәдинада 4 күн және киелі Меккеде 7 күн болады. Израил билігі бұл бастамаға қарсы шыққан жоқ.

1 пікір
  • Умра тек абабияда емес пе Алла озин сактай кор. Адамдар небир нарсе щыгарады!
    9 жыл бұрын
Мұрағат