Түркі елдеріне ортақ телеарна ашу мәселесі талқыланады
Түркі елдеріне ортақ телеарна ашу мәселесі талқыланады
9 жыл бұрын 2709

Өткен аптада Ыстамбұлда түркітілдес елдердің ортақ телеарнасын құру мәселесі талқыланады. Бұл туралы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Рәміл Ғасанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көтерген бұл бастама осы жылы өткен Түркі мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесіне мүше елдері басшыларының Бодрум саммитінің қорытынды құжаттарында да айтылған.

"Біз қазіргі уақытта түркітілдес елдердің орталық телеарнасын құру бойынша белсенді жұмыс істеудеміз және бұл мәселені 20 қазан күні сарапшылар деңгейінде талқылаймыз", - деді аталмыш кеңестің бас хатшысы.

Егер  бұл бастама іске асса, келесі жылдың соңына дейін түркітілдес елдердің ортақ телеарнасын құру туралы мемлекетаралық шартқа қол қойылуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат