Түріктердің кетчупы мен майонезін әлемнің 50 елі тұтынады
Түріктердің кетчупы мен майонезін әлемнің 50 елі тұтынады
3 жыл бұрын 3033 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркияның кетчуп пен майонез және тұздық (соус) нарығы Еуропа мен АҚШ-та жылдан жылға өсіп келеді. Бұл жайында islam.kz порталы aa.com.tr ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өткен жылы (2020 ж.) аталған ел кетчуп пен томат тұздығының экспортынан шамамен 19,4 млн доллар, ал томат пастасының экспортынан 157 млн доллар және майонез экспортынан 15 млн доллар пайда тауыпты. Түркиядағы кетчуп пен майонез және тұздық өндірумен айналысатын ааса ірі Assan Foods компаниясының бас директоры Хакан Кошоғлының айтуынша, пандемия күллі әлем бойынша азық-түлік қауіпсіздігінің қаншалықты маңызды екенін ұқтырып кетті. Түріктер пандемияны пайдалана отырып, көптеген ауыл шаруашылық өнімдері мен азық-түлік өнімдерінің нарығын кеңейтуге қол жеткізген. Осылай деген ол өзі басқарып отырған Assan Foods компаниясының тек кетчуп пен майонез, т.б. өнімдерін ғана емес, сонымен қатар, 300 азық түрлерін өндіретінін жеткізді. Десе де өнімдерінің 30 пайызын кетчуп пен 30 пайызын томат пастасы құрайтынын жасырмады. Assan Foods өнімдері Colorado, Kingtom, Oba және 'private label деген маркамен әлемнің 50 еліне экспортталады. Сондай-ақ, ол Таяу Шығыс пен Қап тауы елдері және Африка елдері негізінен Түркиядан томат пастасын экспорттайтынын, ал Таяу Шығыс пен Еуропа елдерінде түріктің кетчуп, майонез және тұздығына сұраныс жоғары екенін көлденең тартты.  Соның ішінде түріктердің TexMex тұздығын еуропалықтар макарон өнімдерінен жасалған тағамдарға қосып жегенді жақсы көретінін айта кетуді де ұмытпады.

0 пікір
Мұрағат