Түріктер де қартайып барады
Түріктер де қартайып барады
4 жыл бұрын 2529 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түріктердің Daily Sabah ақпарат көзінің хабарлауынша, елде туу көрсеткіші күрт төмендеп барады. Түркияның статистикалық комитеті таяуда ғана ел тұрғындарының саны туралы мәліметті жаңғыртты. Аталмыш комитет келтірген дерекке қарағанда, өткен жылы Түркиядағы туу деңгейі 1,88 көрсеткішке дейін төмендеген. Бұл көрсеткіш 2001 жылы 2,38 болатын. Өткен жылғы көрсеткіш халық саны көбеюінің стандартты деңгейіне жетпеген еді. Яғни, туу коэфициенті 15-49 жас аралығындағы әйелдерге қатысты туудың орташа санын көрсетеді. Өткен жылы түрік әйелдерінің тұрмысқа шығу жасы 25-ке дейін өскен еді. Ал бұл көрсеткіш 2015 жылы 24,4 болатын. Бүгінде түрік әйелдерінің бала табатын жасы орташа есеппен 28,9 жасты құрап отыр. Ал бұл көрсеткіш 2001 жылы 26,7 жас болатын. Жасөспірім (16-17 жас) жаста неке қидыратындар қарасы да азайып келеді: өткен жылы олардың үлесі 3,1%-ды құраса, бұл көрсеткіш 2017 жылы 4,2% болған еді. Түрік сарапшыларының айтуынша, демографиялық бұл тенденция урбанизациямен, әйелдердің осы заманғы үрдістерге араласу, т.б. әлеуметтік-экономикалық факторламен байланыстырып отыр. Бұл тенденция алдағы уақытта тереңдемесе, бәсеңдемейді. Бір қызығы, осы елдің оңтүстік-шығысында шоғырланған күрдтер қарасы салыстырмалы түрде шапшаң артып келеді.

0 пікір
Мұрағат