Түлкілер ауылы (фото, видео)
Түлкілер ауылы (фото, видео)
9 жыл бұрын 8736

Дзао Кицунэ Мура — Жапонияның Мияги префектурасындағы Хонсю аралының оңтүстік бөлігінде орналасқан өзгеше жер. Мұнда алты түрлі, жүзден аса түлкі мекендеген. Түлкілер жабайы болғанымен адамдардан үрікпейді. Өйткені, мұнда туристер жиі келеді. Туристер оларды тек тамашалап қана қоймай, сонымен бірге, жотасынан сипап, тіпті, өз қолдарымен қоректендіреді. 

лисья деревня-2

лисья деревня-3

Мұнда бәріміз білетін қызыл түлкіден өзге күміс сұр түсті, арктикалық көк түсті, платиналық, арктикалық қара әрі аралас түсті түлкілерді кезіктіруге болады. 

лисья деревня-10

лисья деревня-4

лисья деревня-5

Түлкілерді арнайы орында «қамап» ұстап отыр екен», деп ойлап қалмаңыз.  Олар тіршілік ететін аумақ айтарлықтай үлкен болғандықтан түлкілер емін-еркін қозғалады әрі мұнда олар қоректенетін азық жетерлік. Оның үстіне, олардың бойында аурудың бар-жоғын жылына бір тексеріп отырғанға да қолайлы. Осы уақытқа дейін олардың бойынан бірде-бір ауру түрі байқалған емес. 

лисья деревня-6

лисья деревня-7

лисья деревня-8

лисья деревня-9

Бұл жерден түлкілерден басқа лақтар мен көжектерді және пониді (тапал жылқы) тамашалай аласыз. 

лисья деревня-11

 

Түлкілер мекен еткен Дзао ауылына ел астанасы – Токио қаласынан жүрдек пойызбен шықсаңыз үш сағаттың ішінде жетесіз.

лисья деревня-12

Негізінен түлкілер ауылы шағын хайуанаттар бағына ұқсайды. 

лисья деревня-13

лисья деревня-14

лисья деревня-15

лисья деревня-16Бұл ауыл 1990 жылдан бері адамдардың тамашалауы үшін ашылған болатын.

0 пікір
Мұрағат