Трансвеститтерге медресе ашылды
Трансвеститтерге медресе ашылды
10 жыл бұрын 4762

Индонезияның Ява аралында орналасқан Йогьякарта қаласында жыныстық ауытқушылыққа ұшырағандарға, дәлірегі, трансвеститтер мен бисексуалдарға діни білім беретін мектеп интернат ашылды.

Медресе «әл-Фатах мектеп-интернаты» деп аталады. Индонезияда «үшінші жыныс» ұғымы өз алдына бөлек субмәдениеттердің бірі саналады. Әдетте мұндай ұғым жынысын ауыстырып, өзін әйел ретінде көрсеткісі келетін ер адамдарға қарата қолданылады.

Аталмыш медресе жергілікті лесбиянка, бисексуал және транссексуал қозғалысының белсендісі Шинта Ратридің үйінде ашылғанын айта кету керек. Оның айтуынша, жыныстық ауытқушылыққа ұшырағандар да ислами білім алуға құқылы.

3 пікір
Мұрағат