Трансвеститтер шариғат шәлісін жамылу құқығына ие болды
Трансвеститтер шариғат шәлісін жамылу құқығына ие болды
9 жыл бұрын 3313

Малайзиялық үш трансвестит, яғни, жынысын «ауыстырғандар» өткен аптада сот арқылы шариғат шәлісін жамылу құқығына ие болды. Аппеляциялық соттың үш алқа биі жыныстық тұрғыдан гендерлік сәйкес келмеушілік мәселесі медициналық диагнозға қатысты болғандықтан тиісті заңнамаларға түзету енгізуді қажет етеді. Бұл жайында ABCNews ақпарат көзі хабар таратты. Қазы Мұхаммед Хишамуддин Мұхаммед Жүністің айтуынша, мұндай ауытқушылыққа ұрынған мұсылманның талап-тілегін орындамау  адамгершілікке жат қылық болып есептеледі екен. Осыдан үш жыл бұрын, яғни, 2012 жылы төменгі инстанция үш ер адамға шариғат шәлісін жамылып жүруге рұқсат етпеген болатын. Өздеріңіз білетіндей, ислам дінінде адамның өзінің әу бастағы жаратылысына қайшы төсек қатынасына баруына тыйым салынған. Тек гермофродиттерге ғана, яғни, қос жыныстыларға ғана өзінің түпкілікті таңдауына қарай ота жасатқаннан кейін өзін сол жыныстың өкілі ретінде санауына рұқсат етілген.

0 пікір
Мұрағат