Төлқұжатта діни сенімі көрсетіледі
Төлқұжатта діни сенімі көрсетіледі
6 жыл бұрын 3190 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Пәкістан астанасы – Исаламабад қаласының жоғарғы соты ел азаматтарын, яғни, тұрғындарын ресми құжаттарда, соның ішінде, туу туралы куәлікте, жеке бас куәлігінде, төлқұжатта, тіпті, дауыс берушілер тізімінде де діни сенімін көрсетуше міндеттейтін қаулы қабылдады. Бұдан былай жоғарғы соттың шешіміне сәйкес мемлекеттік жұмысқа тұрғандарға да осындай талап қойылып отыр. Пәкістан конституциясы ел азаматтарының наным-сенім бостандығына кепілдік береді, десе де, ел билігінің бұл қадамын сынға алып, наразылық білдіргендер конституцияға қайшы келетінін алға тартып отыр. Әсіресе, құқық қорғаушылар алаңдаушылық танытып, дабыл қағып жатыр. Freedom House және Human Rights Watch халықаралық мәртебесі бар құқық қорғау ұйымдары Пәкістанда діни азшылықты құрайтындардың кемсітушілікке жиі ұшырайтынын, сол себепті, мұндай тәжірибенің соңы ушығып кететінін ескертуде.

0 пікір
Мұрағат