Төлемді енді биометрикалық дерек негізінде жасайсыз
Төлемді енді биометрикалық дерек негізінде жасайсыз
3 ай бұрын 277 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресейдің жинақ банкі – «Сбербанк» төлем жүйесін осы заманғы озық технологиялардың бірінен саналатын технологияға көшіреді: биометрикалық дерек негізінде жүзеге асырылатын төлем жүйесі енгізіледі. Мұндай төлем тәртібі аталмыш қаржы мекемесінің сайтында егжей-тегжейлі баяндалған. Төлемді аталмыш қаржы мекемесінің биометрикалық датчигіне саусақ ізіңізді сканерлеу немесе жүзіңізді тосу (сканерлеу) немесе биотерминалда паролды енгізу арқылы жүзеге асырасыз. Биометриканың көмегімен төлемді жүзеге асырғыңыз келсе, банк кеңсесіне биометрикалық деректеріңізді өңдеуге келісіміңізді бересіз. Бұлай төлем жасау әлдеқайда қауіпсіз саналады.

0 пікір
Мұрағат