Тілшінің аузын скотчпен жапты
Тілшінің аузын скотчпен жапты
2 жыл бұрын 662

Польша президенті Бронислав Коморовскидің күзетшісі тілшінің аузына скотч жабыстырып, жауып тастады. Бұл жағдай ел басшысының Жешув қаласына жұмыс саапарымен барған кезінде орын алды. Бұл жайында Lenta.ru ақпарат көзі Dziennik басылымына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Яғни, ел президенті жергілікті университетте болған кезінде оған сауал қоймақ болған тілшіні күзетші жерге алып ұрып, қолын артына қайырып, аузын скотчпен желімдеп тастады. Осы оқыс оқиғаға байланысты көріністі «Полша радиосының» Жешувтегі бөлімшесінің тілшісі таспаға тартып алған екен. Артынан ғаламторға орналастырған. Күзетші тілшіні президентке қастандық жасамақ болды деген күдікпен әлгіндей әрекетке барған екен.

0 пікір