Тілшілердің қате тұстары анықталды
Тілшілердің қате тұстары анықталды
2 жыл бұрын 859

Америкадағы Амине Сафи есімді колледж түлегі мектеп қабырғасында жүріп-ақ қоғамды жайлаған ислам діні жайындағы жаңсақ түсініктердің астарына үңіліп, өз бетінше зерттеу жүргізген екен. Ол ислам діні мен мұсылмандар жайындағы қалыптасқан жаңсақ ұғымдардың пайда болуына бұқаралық ақпарат құралдарының ықпал еткенін және Атлант мұхитының арғы жағындағы алпауыт ел тілшілерінің ислам дінін лаңкестікпен байланыстыруды әдетке айналдырып алғанын анықтады. Үш ай бойы ерінбей-жалықпай Америка прессасын зерттеген ол жергілікті Pioneer Press және Minneapolis Star Tribune газеттерінде 2009 жылдан бері ислам дінін лаңкестікпен байланыстырған 115 мақала жарық көргенін анықтап білді. Сафи мен оның тәлімгері, Миннеаполистегі Аусбург колледжінің әлеуметтану пәнінің оқытушысы Дайан Пак елде лаңкестік оқиға орын алған жағдайда соның 54 пайызында бұқаралық ақпарат құралдарында ислам діні мен мұсылмандарға бір сүйкеніп өтетінін, яғни, «ислам», «мұсылман» сөздері еске түсірілетінін анықтады. Ең сорақысы, «ислам», «мұсылман» сөздерін лаңкестікпен байланыстыра қолдану 70 пайызды көрсеткен.

0 пікір