Террористерге қарсы шеру өтті
Террористерге қарсы шеру өтті
2 жыл бұрын 794

Әлем мұсылмандары Ашура күнін мерекелеп жатқанда Канаданың Альберт провинциясыдағы Калгари қаласының исламофобиялық құбылыстан әбден зәрезап болған әрі лаңкестікті исламға жапқан бәлелі жаладан ығыры шыққан мұсылман жамағаты терроризмге қарсы шеру өткізді. Осыдан бірнеше күн бұрын үйеңкілер елінің мұсылмандары премьер-министр Стивен Харперді осы елдегі азшылықты құрайтын мұсылман жамағатын исламофобиялық жат құбылыстан қорғау бағытында нақты шаралар қабылдауды талап еткен еді. Белгілі болғандай, бұл елдегі 32,8 млн тұрғынның 2,8 пайызын мұсылман жамағаты құрап отыр. Ислам діні жамағаты жағынан христиан сенімінен кейінгі екінші орында тұр.  

0 пікір