Террористерге қарсы оқу-жаттығуы Үндістандағы мұсылмандардың наразылығын тудырды
Террористерге қарсы оқу-жаттығуы Үндістандағы мұсылмандардың наразылығын тудырды
9 жыл бұрын 2845

Үндістанның Гүджарат штатында террористерге қарсы өткізілген оқу-жаттығуы мұсылмандардың наразылығына тап болды. Оған террористің «рөлін» орындайтын адамды мұсылманша киіндіріп қойғаны себеп болды. Бұл жайында Aljazeera ақпарат көзі хабар таратты. Саясаткерлер де полиция қызметкерлерінің бұл әрекетін құптай қойған жоқ. Олардың айтуынша, бұл өз кезегінде қоғамда мұсылмандар туралы жаңсақ ұғым, қате пікір қалыптастырып, исламофобиялық жат құбылыстың одан ары өршуіне апарып соқтыруы мүмкін. Онсыз да әлемнің көптеген елдерінде мұсылмандарға деген көзқарастың оңып тұрмағанын біле тұра әдейі осындай әрекетке барған полиция қызметкерлерінің бұл қадамы діни араздықты қоздыратынын баса айтты. Жергілікті полиция бастығының орынбасары Прадип Сиджул мұндай жаттығу он-он бес елді-мекенде өткенін айта келе бұл қателікті түзету үшін қолдан келген барлық шараны қолданатынын әрі қасақана ұйымдастырылғаны анықталса, кінәлілерді тауып, жазалайтынына уәде берді. 

0 пікір
Мұрағат