Террористердің жаудырған оғынан 76 адам қаза тапты
Террористердің жаудырған оғынан 76 адам қаза тапты
9 жыл бұрын 2540

Үндістанның Ассам штатында, дәлірегі, Сонитпур және Кокраджхар округтерінде  сепаратистер 4 мәрте шабуыл жасап, нәтижесінде 76 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды. Нақтырақ айтқанда, Үндістанның солтүстік-шығысында орын тепкен Ассам штатындағы Бодопенд ұлттық демократиялық майданының содырлары бейбіт тұрғындарға автоматтан оқ жаудырған. Олардың шабуылы сейсенбі күні басталған болатын және әлі күнге дейін толастаған жоқ. 5000-ға жуық адам баспаналарын тастап, бас сауғалады. Аталмыш штат тұрғындарының 31 пайызын мұсылман жамағаты құрайды.

0 пікір
Мұрағат