Террористер мектептерге шабуылын тоқтатпайтынын мәлімдеді
Террористер мектептерге шабуылын тоқтатпайтынын мәлімдеді
9 жыл бұрын 3402

Естеріңізде болса, Пәкістанның Пешавар қаласындағы мектепке шабуыл жасаған тәліптердің талай адамды, соның ішінде жүзден аса баланы қырып салғаны турасында хабарлаған болатынбыз. Әлем жұртшылығы бұл сұмдықтан әлі ес жиып үлгерген жоқ. Соған қарамастан осы елдегі террористік «Тәліптер» қозғалысының жетекшісі Халиф Омар Мансұр оқу орындары мен білім мекемелеріне шабуылды тоқтатпайтынын мәлімдеді. Әлем мұсылмандары Пешавар қаласындағы терактіні ұйымдастырғанды қатаң айыптады. Нақтырақ айтқанда, өткен жұма уағызында Меккедегі Харам мешітінің имам-хатыбы Салих Әбу Тәліп ислам діні қылмыстың кез келген түрін құп көрмейтінін жеткізсе, қасиетті екі мешіттің шаруасына жауапты басқарма президенті Әбдірахман ас-Судайс та тәліптердің жексұрын әрекетін айыптай сөйледі: «Орынсыз қан төгу – жауығуға және террорға жол ашатын әділетсіздік болып табылады. Ислам діні адам өмірін қастерлейді». Бұл жайында OnIslam ақпарат көзі хабар таратты. Үнді ғұламалары да өткен жұма уағызы кезінде Пешавар қаласындағы терактіні ұйымдастырғандарды айыптады: «Олар осы азғындығымен тағылардан да асып түсті. Олар исламға кір келтірді және әлемге мейірім төгетін діннен емес олар»,- деді соборлық мешіттің имамы Шембуре Мәулана Ұбайдулла Қасми.

0 пікір
Мұрағат