Терактіден кейін исламды қабылдағандар көбейіп келеді
Терактіден кейін исламды қабылдағандар көбейіп келеді
9 жыл бұрын 5045

Француз кинорежиссері Изабель Матич Париждегі Пайғамбарлар падишасына (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) карикатура жасаған атышулы сатиралық басылымында болған терактіден бірнеше күн өткеннен кейін ислам дінін қабылдағанын жазыпты Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында. Бұл жайында Morocco World News ақпарат көзі хабар таратты. «Бүгін мен исламның алғашқы шартын орындадым. Мен Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед – Оның елшісі», - деп иман келтіріп, шаһадат айтқанын жазыпты. Сондай-ақ, ол өзінің жазбасында өзіне қолдау білдірген Хишама Баһлюля есімді марокколық актерге алғысын білдірген. Ол осы қадамы арқылы исламның асыл әрі кемел, бейбітшілік діні екенін паш етті. Сонымен қатар, Канаданың ең ірі қалаларының бірінен саналатын Оттавада да осы терактіден кейін тура жолға түскендердің қарасы күрт артқан. Әсіресе, бұл жағымды құбылыс болашағы алда канадалық жастар арасында байқалып отыр. Бұл жайында  CBC News ақпарат көзі хабар таратты.  Оттава қаласындағы ірі мешіттердің бірінде имам болып жұмыс істейтін Сами Митваллидің айтуынша, соңғы уақытта жастары 20 мен 30 аралығындағы 20 шақты жас канадалық ислам дінін қабылдаған. Оның сөзіне қарағанда, олардың ислам дінін қабылдауына ең алдымен асыл дініміздің қандай екенін білмекке деген талпынысы себеп болған көрінеді.

0 пікір
Мұрағат