Темекі жарнамасына толық тыйым салынды
Темекі жарнамасына толық тыйым салынды
5 жыл бұрын 3708 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркияда темекі өнімдерін сауда-саттығы туралы жаңа заң қолданысқа енді. Аталмыш заңда ел аумағында темекі өнімдерін жарнамалауға толық тыйым салу талабы қарастырылған. Бұл жайында түріктердің «Resmi Gazete» мерзімді басылымында жарияланды. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, темекі өнімдерін фильмдерде, видео клиптерде, әлеуметтік желілерде жарнамалауға тыйым салынған. Барлық темекі өнімдері бірдей қорапта қапталады, яғни, өндірушінің логотипі мен өзге белгілері соғылмайды. Сөз орайы келгенде айта кету керек, 2008 жылы Түркиядағы қоғамдық орындарда шылым шегуге тыйым салынған болатын. Бұл ережені бұзғандарға 88 лира айыппұл салынады. 

0 пікір
Мұрағат