Тек өз валютасын ғана пайдаланатын цифрлы банк ашылады
Тек өз валютасын ғана пайдаланатын цифрлы банк ашылады
6 жыл бұрын 2790 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемде тұңғыш рет Дубай қаласында блокчейн технологиясы негізінде цифрлы банк ашылады. Gulf News ақпарат көзінің таратқан хабары мен келтірген дерегіне қарағанда, Dubai ArtBank тек өзінің криптовалютасын ғана пайдаланады және өнер туындыларына қатысты мәмілелерді ғана қаржыландыратын болады. «Бұл бастаманың өнерді цифрлы әлеммен интеграциялануына көмектесетініне әрі өркен жайып келе жатқан шағырмашылық экожүйені дамытатынына сенімдімін»,- деді осынау қолға алынған айтулы жобаға байланысты сөз алған Дубай әмірлігінің мәдениет және өнер басқармасы жетекшісінің орынбасары Латиф бинт Мұхаммед бен Рашид әл-Мақтұм. Сөз реті келгенде айта кетпеске болмайтын жайт: Dubai ArtBank – инновациялық технология қолданылатын болашақтығ ақылды қаласын құруға бағыттылған Dubai 10X ұлттық бағдарламасының көп жобаларының бірі. Тағы бір (кезінде хабарлағанбыз – ред.) естеріңізге сала кетсек, артықтық етпес: криптовалюта блокчейн технологиясы негізінде жұмыс істейді – транзакция блоктарының бір тізбекте түзілу жүйесі. Онда барлық ақпарат сақталады. Әрбір бірінен кейін бірі, яғни, бірінің ізінен екіншісі ерген блокта алдыңғысындағы әрекет туралы ақпарат сақталады. Осылайша түрлі блок бойынша таратылған деректер базасы құрылады. Онда өзгеріс енгізе алмайсыз, өйткені, мұндай жағдайда бұрмаланған ақпарат енгізілген блок тізбектен автоматты түрде шығып қалады. Сенімді технология. Сарапшылар бұл технологияның келешегіне үлкен үміт артып отыр. Сондай-ақ, мәмілені бектітетін, растайтын түрлі қызметтерді, дәлірегі, нотариустың, заңгердің, т.б. қызметіне ақша шығындап, уақыт бөліп жаьпайсыз. Бұл технологияның артықшылы – осында.

0 пікір
Мұрағат