Тек жастарға арналған арал салынды
Тек жастарға арналған арал салынды
26 күн бұрын 172

Данияда тек жастарға арналған жасанды арал ашылады, деп хабарлады baq.kz порталыThe Copenhagen Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Жасанды көгалдандырылған аралды қалпына келтіру үшін 25 миллион еуро жұмсалды. Данияның cкауттар ұлттық ұйымы 24 тамызда тек жастарға арналған алғашқы аралды ашады.

"Дания аралды жастарға арнайды", - делінген хабарламада. 

Аралдың көлемі 50 мың шаршы метрді құрайды. Арал иелері "Det Danske Spejderkorps" скауттері 2023 жылға қарай 15-25 жас аралығындағы 100 мыңға жуық жас аралға келеді деп күтуде.

Аралда 1000-ға жуық еріктілер әлеуметтік іс-шаралар, оқуту курстарын ұйымдастырып, концерттер, дебаттар мен жарыстар өткізеді.

"Мұндай бастама жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға көмектеседі. Сондай-ақ, Дания Копенгаген айлағында жаңа арал салуды жоспарлап отыр, ол қарқынды өсіп келе жатқан қала тұрғындары үшін қосымша кеңістік құру үшін қажет", - делінген таратылған ақпаратта.

0 пікір
Мұрағат