Тек ерлерге ғана арналған Олимпиада өткізуді ұсынды
Тек ерлерге ғана арналған Олимпиада өткізуді ұсынды
9 жыл бұрын 2807

Сауд Арабиясы тек ер-азаматтар ғана қатыса алатын Олимпиада ойындарын өткізуді ұсынатын болады. Бұл жайында The Telegraph ақпарат көзі хабар таратты.  

Сауд Арабиясы бұл ұсынысты Халықаралық Олимпиада комитетіне Бахрейнмен бірге беретін болады. Олардың ұсынысы бойынша қыздар спорттық жарыстарға ұлдардан бөлек, өзге стадионда қатысатын болады.
Ал, Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах болса мұндай ұсынысты қабыл алмайтындығын айтып отыр. Өйткені, адамдарды жынысына бөлу нәсілшілдікпен тең дейді ол.
Айта кетейік, 2012 жылға дейін Олимпиада ойындарына Сауд Арабиясынан тек ер азаматтар ғана қатысып келген. Өйткені, мемлекеттің заңы бойынша әйелдер ешқандай қоғамдық ойындарға қатыса алмайды. Ал, 2012 жылы Халықаралық Олимпиада комитетінің басшылары ел билігіне қысым көрсеткеннен кейін Сауд Арабиясының атынан Лондонға екі спортшы қыз келген еді. 

0 пікір
Мұрағат