Тек діндарлардың құқығын қорғайтын заңгерлердің арнайы тізімі жасалады
Тек діндарлардың құқығын қорғайтын заңгерлердің арнайы тізімі жасалады
7 жыл бұрын 2621 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Көп ұзамай Ресей Федерациясындағы Адам құқығы жөніндегі кеңесте тек діндарлардың құқығын қорғаумен шұғылданатын заңгерлер мен құқық қорғаушылардың арнайы тізімі жасалатын болады. Аталмыш бастаманы елге есімі белгілі адвокат Владимир Ряховский пен "Дін және құқық" атты мерзімді басылымның бас редакторы Анатолий Пчелинцев көтерген еді. Аталған кеңестің ресми сайтындағы хабарда айтылғандай, мұндай тізімді жасауға елдің түкпір-түкпіріндегі діндарлар мен діни бірлестіктердің құқығының жиі бұзылуы итермелеп отыр. Бір өкініштісі, діни мәтіндерді өз бетінше тәпсірлеп, халыққа бұрыс түсіндіретіндер де, миссионерлік қызмет атқарып жүргендер де осы арнайы тізімге енген заңгерлердің көмегіне жүгіне алады. Игі бастама "ит мініп, ирек қамшылағандардың" қолжаулығына айналмаса болғаны дейсің.

0 пікір
Мұрағат