Таяу Шығыста қанша ядролық қару бар
Таяу Шығыста қанша ядролық қару бар
6 жыл бұрын 4725 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иранның сыртқы істер министрі Мұхаммед Жауад Зәріп Таяу Шығыс аймағында шамамен ең аз дегенде 80 ядролық оқтұмсықтың барын, алайда, олардың бірде-бірі Иран аумағында орналаспағанын мәлімдеді. Бұл жайында Mehr ақпарат көзі хабар таратты. Иранның сыртқы саясатына жауапты лауазымды тұлғаның сөзіне қарағанда, бұл ядролық оқтұмсықтардың бәрі Израилге тиесілі. Осылай дей келе ол әлем қауымдастығына аймақтың тұрақсыздығы мен қауіпсіздігіне және әлемге шын мәнінде Иранның ба, әлде Израилдің бе, қайсысы қауіп төндіріп тұрғанын ажыратып алуды ескертті. Иранның ядролық бағдарламасын желеу етіп келген батыс елдерінің көксегені Иранның мұнайы. Ол мұндай мәлімдемемен шектеліп қалмай өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында Стокогольм қаласындағы әлем проблемаларын зерттейтін халықаралық институт келтірген деректі алға тартып, ядролық зарядқа ие елдердің кестесін жариялапты. Онда Израилге 80 ядролық оқтұмсық тиесілі екені тайға таңба басылғандай анық көрсетілген. Десе де Израил билігі әлі күнге өзінде ядролық қарудың барын не жоққа шығарып немесе бұл ақпаратты растап мәлімдеме жасаған жоқ. Таяу Шығыс аймағының тынышын алған, террорист мемлекет атанған Израилдің палестиналықтарға қарсы қылмысы өз алдына бөлек зерттеуді, тергеуді қажет етеді. 

0 пікір
Мұрағат