Таяу Шығыста арабтар "НАТО"-сы құрылуы мүмкін
Таяу Шығыста арабтар "НАТО"-сы құрылуы мүмкін
7 жыл бұрын 6553 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ақ үйдің ендігі қожайыны Дональд Трамп АҚШ-тың Таяу Шығыстағы саясатын басқаша бағытқа бұруы мүмкін. АКШ президентінің әкімшілігі Таяу Шығыста НАТО-ға балама бола алатын жаңа әскери одақ құру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Егер бұл ұйым құрылатын болса, ол ең алдымен Иранның аймақтағы ықпалын азайту бағытында жұмыс істейтіні белгілі. Сондай-ақ, бұл ұйымға Израильдың одақтастары мен оған жау мемлекеттер де кірмек. Жобаланған әскери ұйымға Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр пен Иордания және тағы басқа елдер кіруі мүмкін. Сонымен қатар, араб елдері қорғаныс саласы бойынша бір-бірімен келісім-шартқа қол қояды. НАТО ұйымының бесінші бабы бойынша егер бір елге басқа мемлекет шабуыл жасаса, бұл қалғандарына да жасалған шабуыл болып саналады.

0 пікір
Мұрағат