Тәліптер қарымта қайтарды
|
Естеріңізде болса, кеше Ауғанстан әскерінің Тәжікстанмен арадағы шекара маңында орналасқан, 80 пайызы тәліптердің қоластына өткен Бадахшан провинциясының Ямган ауданын азат еткені жөнінде хабар таратқан едік. Тәліптер де қарап қалмай қарымта қайтарып, ел астанасы – Кабул қаласындағы парламент ғимаратына шабуыл жасады. Терактіні жанкешті жасады, жарылыстың арты атысқа ұласты. Бұл жайында «Reuters» ақпарат ресурсы хабар таратты. Шабуыл жасалған кезде парламент мәжілісі өтіп жатқан болатын. Жарылыстан және атыстан қанша адам қаза тауып, қанша адамның жарақат алғаны турасында ақпарат жоқ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Тәуліктің ең қауіпті сағаты түнде екені анықталды
■
Сейсмикалық қауіпті қалада жер қозғалса «қозғалмайтын» зәулім ғимарат бой көтерді (фото)
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Түркия алғаш рет қарт тұрғындары көп елдер санатына енді