Тәліптер мектепке кезекті шабуылдарын жасады
Тәліптер мектепке кезекті шабуылдарын жасады
9 жыл бұрын 2759

Ауғанстанның шығысында орын тепкен қыздарға арналған мектеп тәліптер тарапынан шабуылға ұшырады. Қуатты жарылыстың салдарынан пайда болған өрттен аталмыш білім беру мекемесінің және оның жанындағы аурухана ғимараты түгел жанып кетті. Бұған қоса, қасиетті Құранның жүздеген данасы отқа оранды. Әдетте тәліптер оқу орындарына жиі шабуыл жасайтынын естеріңізге сала кеткіміз келеді. Әсіресе, қыз балалар білім алатын оқу ордаларына өш келеді. Олардың ойынша, білім әйел адамды аздырып, тура жолдан адастырады-мыс. Мәселен, үстіміздегі жылдың қаңтар айының соңына таман тәліптер мыңнан аса оқушы білім алып жатқан екі мектепті жермен-жексен еткен болатын. 

0 пікір
Мұрағат