Тәжіктер қара киімнен бас тартады
Тәжіктер қара киімнен бас тартады
9 жыл бұрын 4224

Тәжікстан билігі «тәжік мәдениеті мен ғұрпына жат» киімдер саудасына тыйым салмақ. Бұл жайында үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Душанбе қаласының мэрі Махмадсаида Убайдуллоева мәлім етті. Осыған байланысты ол тиісті орындарға шымқай қара матадан тігілген киімдерді елге кіргізбеуге және сауда орындарынан алып тастауға тапсырма берді. Айта кетейік, бұрын Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон бастан-аяқ қара киінетін әйелдер қарасының ел арасында көбейіп келе жатқанына алаңдаушылық білдірген болатын. 

0 пікір
Мұрағат