Тәжікстанның жас мұсылмандары қажылыққа бара алмайды
Тәжікстанның жас мұсылмандары қажылыққа бара алмайды
9 жыл бұрын 2848

Тәжікстанда жасы 35-ке толмағандар қасиетті сапарға аттана алмайды. Мұны үкімет жанындағы дін істері жөніндегі комитеттің баспасөз мәслихатында былай түсіндірген болды: «Мұндағы мақсат жасы егде тартқан адамдардың қажылық парызын өтеуіне жағдай жасауға саяды». Нақтырақ айтқанда, аталмыш комитет жыл сайын қажылыққа баратындардың тізімін жасайды. Мәселен, өткен жылы ары кеткенде 8000 тәжік қасиетті сапарға аттанған болатын. Алайда, қажылық парызы орындалатын жердегі адамдардың көптігінен тапталып немесе қысылып өлетіндердің қарасы көбейіп келе жатқандықтан Сауд Арабиясының билігі биыл әлем бойынша қажылық квотасын қысқартқан болатын.

0 пікір
Мұрағат