Тәжікстан жиһадшыларға жеңілдік жасады
Тәжікстан жиһадшыларға жеңілдік жасады
2 жыл бұрын 1357 centralasiaonline.com

Тәжікстан үкіметі Сирияға жиһад деп шатасып кеткен жастарды елге қайтаруға барын салуда. Үкіметтің бұл әрекеті өз жемісін беруде.

Әлгі Сириядағы жастарға Тәжік үкіметі жеңілдік жасауды қолға алды. Ол жеңілдік елге қайтқан азаматтарға ешқандай жаза түрін қолданбау. 

"Қаруын тастап, елге қайтқан, сондай-ақ бұрын қылмыс жасамағаны белгілі болған азаматтарды заңмен қудаламаймыз. Оның үстінен ешқандай қылмыстық іс қозғамаймыз", - деп сендіріп отыр ІІМ Соғды облысындағы басқармасының бастығы Шариф Назаров.

Шілде айында осы үндеуді естісімен Соғды облысының екі азаматы елге оралды. Солардың бірі - 29 жасар Алимжан Пулатов болса, екіншісі - 31 жастағы Камил Шукуров.   

0 пікір