Тәж-Маһал әл-Ақсаның кебін киюі мүмкін
Тәж-Маһал әл-Ақсаның кебін киюі мүмкін
5 жыл бұрын 2563 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ерекше сәулетіне қарай әлемнің жеті кереметтерінің бірінен саналатын, XVII ғасырда мұсылман билеушісі Жаһан шаһтың пәрменімен тұрғызылған үнді жеріндегі көне тарихи әрі мәдени кешен Құдыстағы мұсылмандар үшін айрықша орны бар, яғни, қасиетті Мекке мен Мәдинадағы мешіттерден кейінгі маңызды орында тұрған әл-Ақса тағдырын қайталауы мүмкін. Олай дейтініміз, таяуда хабарлағанымыздай, қазіргі уақытта билік басындағы үнді радикалдарының күш салуымен аталған кешенде осы елдегі азшылықты құрайтын жергілікті мұсылмандарға намаз оқуға тыйым салынған болатын. Үнді радикалдары мұнымен ғана шектеліп қалмай, ел аумағындағы барлық мұсылманша атауларды, жер-су аттарын өзгертіп жатыр. Осылайша исламды, ислам дүниетанымын, мәдениетін еске түсіретін бірде-бір белгі қалдырмауға бекінгенін де кезінде айтып өткенбіз. India Today ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда, индустар, дәлірегі, үндінің радикалды әйелдері Тәж-Маһалда өздерінің наным-сеніміне қарай құлшылық рәсімдерін атқарды. Дәлірегі, Шива пұты бейнесін аталмыш кешенге алып кіріп, ғибадат еткен. Әл-Ақсаға басып кірген израилдік радикалдардың әрекетін қайталап отыр. Исі мұсылманның наразылығын тудырған олардың бұл жөнсіз әрекетіне жергілікті мұсылман жамағаты шағымданғанымен полиция тыйым салмай отыр.

0 пікір
Мұрағат