Тайванда ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 19 адамға жетті (видео)
Тайванда ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 19 адамға жетті (видео)
9 жыл бұрын 3369

TransAsia әуе компаниясына тиесілі ATR 72-600 жолаушылар ұшағы Тайвань астанасы Тайбэй қаласының маңындағы өзенге құлаған болатын. Ұшақта барлығы 58 жолаушы болған. Оның ішінде 53 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған. Жолаушылардың екеуі – бала. Олардың 17-сі өз күштерімен сыртқа шығып, құтқарушылар келгенге дейін бортта болған өзге адамдарды құтқармақ болыпты. 

Әуе көлігі ішкі рейстерде жолаушылар тасымалымен айналысқан. Ол Цзиньмэнь аралындағы Суншань әуежайынан ел астанасына қарай бет алыпты. Алайда, әуеге көтерілгеннен бірнеше минут өткен соң ұшақ автомобиль көпіріне соғысып, өзенге қарай құлаған. Соңғы мәліметке қарағанда қаза тапқандар саны 19 адамға жеткен. Бұдан басқа, ұшақтың сынықтары такси көлігіне түсіп, соның салдарынан тағы екі адам зардап шеккен.

0 пікір
Мұрағат