Тайландта туристерге идентификациялық білезік тағатын болды
Тайландта туристерге идентификациялық білезік тағатын болды
10 жыл бұрын 3236

Тайланд билігі туристерге идентификациялық нөмірі бар білезік тағу мәселесін қарастырып жатыр.  

Бұл сақтық шарасы туристердің қауіпсіздігіне байланысты қолға алынып отыр. Осынау елге келген турист жоғалған немесе адасқан жағдайда оны тез тауып алу үшін де қажет. «Туристерді қонақ үйлерге орналастырған кезде оның тоқтаған орнының сыйымдылығы туралы ақпарат пен сериялық нөмірі бар білезік беріледі. Осылайша олар егер мас болып бір жерде жатып қалса, адасып кетсе, өзге де көмек қажет болса, біз дереу сол жерден табыламыз», - деп мәлімдеді Туризм және спорт министрі Кобкарн Ваттанаврангкул (Kobkarn Wattanavrangkul). Оның сөзіне қарағанда, саяхатшының қай жерде екенін анықтауға мүмкіндік беретін өзге де электронды құрылғыларды пайдаланылуы мүмкін. Тайландтың демалыс орындарындағы қауіпсіздік шараларын күшейтуге Тао аралында екі британдықтың қатыгездікпен кісі қолынан қаза табуы түрткі болды. 23 жастағы Ханна Витеридж бен 24 жастағы Дэвид Миллердің сау тамтығы қалмаған өлі денелері жағажайдан табылған болатын. Осыған байланысты Тайланд үкіметі саяхатшылардың назарын ерекше аударатын демалыс аймақтарында желтоқсан айының соңына дейін, яғни, демалыс маусымы аяқталғанша бақылау камераларын қоюға пәрмен берді. Соңғы уақытта Тайландтың туристік саласы ақсап тұр. Өткен жылмен салыстырғанда 2014 жылдың басынан бері есептегенде, туристердің қарасы 11 пайызға кеміген.
0 пікір
Мұрағат