Тай елінде «халал» шеберлік дәрісі өтті
Тай елінде «халал» шеберлік дәрісі өтті
2 жыл бұрын 592

Тай елінің (Таиланд) Пхукет аралында туризм индустриясы бойынша шариғат талаптарына сай тағам дайындайтындар үшін арнайы дәріс ұйымдастырылды. Дәріс бастан-аяқ халал өнімдерді және азықтарды халықаралық талаптарға сай сертификаттау және сараптамадан өткізу мәселесі төңірегінде өтті. Бұл шараға халал өнімдер өндіретін жергілікті компаниялардың 100-ден аса қызметкері қатысты. Дәрісті  Samut Prakarn ислам комиссиясының төрағасы Пайсал Промионгтың өзі оқыды. Мұндағы мақсат, аты айтып тұрғандай, аталмыш аралға мұсылман туристерді тарту үшін халал өнімдерге қойылатын талаптардың қыр-сырын жергілікті компания өкілдеріне түсіндіруге саяды. Аралда халал өнімдерге алғаш рет мән беріліп отырған жоқ. Осыдан біраз уақыт бұрын Phuket Andaman Halal Expo халықаралық көрмесі ұйымдастырылып, жұртшылықтың жоғары бағасын алған еді.

0 пікір