Тағы бір ел есірткіге байланысты өлім жазасын енгізетін болды
Тағы бір ел есірткіге байланысты өлім жазасын енгізетін болды
6 жыл бұрын 2517 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бангладеш билігі ерісткіні тұтынушылар мен есірткі саудагерлерінің жолын кесу үшін өлім жазасын қолдануға мүмкіндік беретін заң жобасын қабылдады. Бұл жайында Channel News Asia ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш елдің премьер-министрі Шейх Хасина Уазедтің пәрменімен  есірткімен күресті күшейту науқаны қолға алынып, нәтижесінде полиция мамыр айында есірткімен байланысты 200 адамды өлтірген. Құқық қорғаушылар ел билігінің есірткі проблемасын шешудің радикалды шарасына жүгінгенін сынға алып отыр. Бангладеште "яба" деп аталатын метамфетамин жаңа заңда есірткілік зат ретінде танылды. Аталмыш заң талабына сәйкес оның бес грамынан асатын мөлшерін тасымалдаған, сақтаған немесе тұтынған адам қатаң жазаланатын болады. Яғни, өлтіріледі. Егер бес грамнан аз болса, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Таяуда ғана Филлипин басшысы Родриго Дутерте есірткімен күрес барысында екі жыл ішінде шамамен 4,5 мың адамның сотсыз өлтірілгенін мойындады. Ал халықаралық қылмыстық сот кем дегенде сегіз мың адамның сотсыз-тергеусіз өлтірілгенін алға тартып отыр. Құқық қорғаушылардың келтірген мәліметі бойынша есірткімен байланысты өлтірілгендер қарасы 12 мыңға жетеді. 

0 пікір
Мұрағат