Sözcü: Түркия Ресейге толықтай кіріптар болып қалған
Sözcü: Түркия  Ресейге толықтай кіріптар болып қалған
4 жыл бұрын 3479 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түріктердің Sözcü ақпарат көзінің тілшісі Емін Өзгенұлдің (Emin Özgönül) жазуынша, бүгінгі таңда Түркияның стратегиялық маңызы зор қорғаныс, туризм, энергетика, экономика салалары толықтай Ресейге тәуелді болып қалған. Түркияның республикалық халық партиясы жетекшісінің бас кеңесшісі әрі Стамбұл депутаты Ердоған Топырақ (Erdoğan Toprak) Түркияның Ресейге қандай салалар бойынша кіріптар болып қалғанын жіліктеп шағып берген екен: «Қорғаныста С-400 үшін, туризмде – ресейлік туристер үшін, энергетикада – «Аққұй» атом электр стансасы мен табиғи газ үшін, экономикада жалпы сауда айналымы 25,5 млрд долларға бағаланған импорт пен экспорт үшін Ресейге тәуелді болып қалыппыз»,- деп мәлімдеді. Осылай дей келе ол алда-жалда екі елдің арасында жанжал орын ала қалса, ықтимал санкция Түркияға ауыр соққы болатынын да тілге тиек етті.

Энергетика. 22 млрд долларға бағаланған «Аққұй» атом электрс стансасы мен 16 млрд долларға бағаланған «Түрік тасқыны» құбыры Ресейге сеніп тапсырылған. Ресейден импортталатын энергия  жылына 16-20 млрд долларға жеткен, әсіресе, газды сатып алуда. Бұл тарапта Түркия Ресейге 70% кіріптар болып қалған. Бұл тәуелділік атом электр стансасы іске қосылған соң және элекр энергиясын ұзақ мерзімге сатып алу кепілдігі күшіне енген соң тағы артатын болады.

Экономика. Өткен жылы аталған екі елдің сауда-саттығы 25,5 млрд долларға жеткен, оның 21,3 миллиард доллары – Түркиядағы ресейлік экспорттың мөлшері, ал Түркияның Ресейге экспорты 4,2 млрд доллардан аспаған. Осыдан екі ел арасындағы сауда балансы Түркияның пайдасына шешілмегенін байқай аласыз. 2015 жылы ұшақ дағдарысынан кейін (автор бұл арада Сириядағы әскери опреация кезінде Түркия шекарасынан өтіп кеткен ресейлік ұшақтың атып түсірілуінен кейін орын алған екі ел арасындағы жанжалды меңзеп отыр – ред.) 4 млрд долларға бағаланған түрік мердігерлерінің келісім-шарты тоқтатылып, нәтижесінде Ресей аумағында жұмыс істеп жүрген 500 мың түрік жұмысшысы Түркияға қайтып оралуға мәжбүр болды. Түркияның Ресеймен арадағы жанжалы кезінде түріктер тарапының ресей нарығындағы шығыны 4,5 млрд долларға жеткен.

Қорғаныс. Түркия солтүстік саяси-әскери альянсқа мүшелігін «бәске тігіп», яғни, қатерге тігіп, Ресейден С-400 зениттік зымыран кешінін аттай қалап сатып алды. Ресей тарапы бағалаған аталған мәміле құны – 4 млрд доллар, бұл мәміле құны 2,5 млрд долларды құрайды. Бұдан бөлек, бір млрд долларға Су-35 және Су-57 жойғыш ұшақтарын сатып алу мәселесі талқылануда. Ресей әскерилері Түркияның оңтүстік шекарасын қарауылдауға көшкен. Сириядағы ресейлік авиациялық және әскери-теңіз базаларымен қатар С-300 жүйесі арқылы әуе кеңістігін бақылайды, кез келген сәтте түрік ұшақтарына оны ауып тастай алады. Түркия оңтүстігі жағынан және Жерорта теңізінде стратегиялық, әскери, географиялық тұрғыдан қоршалған. Түркия, тіпті, көрші елдермен Ресей арқылы ғана байланыса алатын деңгейге түсіп кеткен.

Туризм. Түркияның туризм қарқыны ресейлік туристерге кіріптар. 2015 жылғы дағдарыс кезінде ресейлік туристердің келмеуінен Түркияның туризм саласы 40% шығынға батқан. Дәлірегі, Түркияның туризм саласы 4,5 миллион ресейлік туристен айырылып, нәтижесінде 3,5 млрд долларға шығын көрген болатын.

0 пікір
Мұрағат