Священник мұсылмандарға не үшін алғыс айтты?
Священник мұсылмандарға не үшін алғыс айтты?
9 жыл бұрын 3072

Нигерияның Кадун штатында Рождестово мерекесіне орай өткен құлшылық кезінде 200-ден аса мұсылман адам өз еркімен шіркеуді діни араздықты қоздыратын арам ниеттілерден қорғап, күзетіп тұрды. Бұл жайында Nigerian Bulletin ақпарат көзі хабар таратты. Мұсылмандар күзеткен аталмыш шіркеу пасторы Йоханна Буру оларға алғысын жаудырып, өзгелерді елдің дамуы үшін ұлт пен ұлысқа бөлінбей, діни айырмашылыққа қарамастан азаматтық танытқан, осылайша татулықтың өнегесін көрсеткен мұсылмандардан үлгі алуға үндеді. Айта кету керек, өткен жылы Нигерияда мешіттер мен шіркеулерге жиі шабуылға ұшыраған болатын. Тәртіп сақшыларының тиісті деңгейде қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайтынын көріп, мұсылмандар өз еркімен құлшылық орындарын күзетуді әдетке айналдырған болатын. 

0 пікір
Мұрағат