Сусиырдың кесірінен 12 адам опат болды
Сусиырдың кесірінен 12 адам  опат болды
9 жыл бұрын 4259

Нигерияда сусиыр мектепке қайықпен қатынайтын оқушылардың түбіне жетті. Гиппопотам жолаушылар мінген қайықты аударып тастады. Нәтижесінде 12-13 жас аралығындағы 11 оқушы із-түссіз жоғалып, хабар-ошарсыз кетті. Нигерияның орта білім беру министрлігінің келтірген мәліметіне қарағанда, қайықта 18 жолаушы болған. Тірі қалғандардың екеуі – балалар. Кейін белгілі болғандай, 12 оқушының опат болған: олардың жетеуі қыз, бесеуі ұл балалар. Бұл жайында Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Жергілікті билік өкілдері қауіпті жануарды тауып, көзін жоймақ. Өткен жылы да Нигерия астанасында осындай оқыс оқиға орын алып, сусиырдың шабуылынан тағы бір жасөспірім қаза тапқан еді. Оны атып тастаған болатын. Гиппопатам – бір қарағанда ешкімге залалы жоқ жануар болғанымен аса қауіпті хайуандардың бірінен саналады. Әсіресе, төлдеген кезінде оның маңынан жүруге болмайтынын айтады аңшылар.

0 пікір
Мұрағат