Сусамыр, обыр сырқатына шалдыққандарға бұл мемлекетте тұруға тыйым салынды
Сусамыр, обыр сырқатына шалдыққандарға бұл мемлекетте тұруға тыйым салынды
6 жыл бұрын 4825 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қатерлі ісікпен, сусамырмен (қант диабетімен) ауыратындар, қан қысымы барлар және ем қонбайтын немесе емделуі қиын сырқат түрлеріне шалдыққандар ендігі жерде Кувейтте тұра алмайды. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш елдің денсаулық сақтау министрлігі келтірген дерекке қарағанда, ұзын саны 22 ауру бойынша шетелдік азаматтардың, соның ішінде, осы елге келіп нәпақасын тауып жүрген гастрабайтерлердің ел аумағында тұруына тыйым салынды. Бұл шара денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржыны үнемдеу мақсатында қолға алынып отыр. Аталған министрліктің мәліметіне сүйенсек. Бұл елге тек еңбек етуге жарамды шетелдіктердің келіп тұруына рұқсат. Ал бұрыннан тұрған денсаулығында кінәрат бар шетелдіктер елден қуылмайды. Аталмыш елдің денсаулық сақтау министрлігі бұл тыйымның 2001 жылы Парсы шығанағындағы араб елдері ынтымақтастық кеңесі қабылдаған шешімге де қайшы келмейтінін ескертті. Бұрын Кувейт халықаралық актілерге сәйкес туберкулез, обыр, сусамыр, алапес, безгек, т.б. жазылмайтын дертке шалдыққандарды елге кіргізе беретін. Кувейт билігі мұндай қадамға мұнайдан түсетін табыстың азаюына байланысты амалсыз барып отыр. Сөз орайы келгенде айта кету керек, бұл ел тұрғындарының 70 пайызы еңбек мигранттарынан тұрады.

0 пікір
Мұрағат