Суррогаттық ана тәжірибесін қылмысқа жатқызатын болды
Суррогаттық ана тәжірибесін қылмысқа жатқызатын болды
7 жыл бұрын 3102 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркияның денсаулық сақтау министрлігі ел аумағында құрсақ ана тәжірибесіне тыйым салып отыр. Кейін енген бұл тәжірибені қолданғандар (тапсырыс беруші тарап та, оны қабылдаған тарап та) қылмыскерлер қатарына жатқызылып, жауапкершілікке тартылып, жазаланатын болады. Тарқатып айтқанда, түріктердің денсаулық сақтау министрлігі "Ағзалар мен жасушаларды өсіру, сақтау және тасымалдау" туралы № 2238 заңға осы мақсатта түзету енгізбек. Егер бұл түзету заңға енгізілетін болса, құрсақ ана тәжірибесін ел аумағында жүзеге асыруға қатаң тыйым салынады. Жасанды жүктілік ендігі жерде ресми түрде неке қидырған, перзенті сүйе алмай жүрген ерлі-зайыптыларға ғана рұқсат етіледі. Өзге біреудің көмегін пайдалануға тыйым салынған. Егер аталған заң талабын бұзатын болса, қылмыскер 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сот үкімімен. Қылмыскерлерге қолұшын берген медицина қызметкерлері де, донор да тиісті жазасын алады. 

0 пікір
Мұрағат