Италия астанасы - Рим қаласында он бес күн бойы суррогатты аналарға қарсы наразылық науқаны өтеді. Аталмыш әлеуметтік шараға байланысты қала көшелерінде суррогатты аналарға қарсы жарнамалар мен насихат плакаттары жұртшылықтың назарына ұсынылады: шыны ыдысқа "салынған", балалар бейнеленген банктердің этикеткасында мұндай "балалардың" аты-жөні мен штрих-коды белгіленген.Аталмыш жоба авторларының айтуынша, балалар қандай да бір тапсырыспен алдыратын немесе жасалатын "өнім" емес. Суррогат аналарға қарсы бұл наразылық науқанын "Өмір мен отбасы үшін" деп аталатын қозғалыс пен Бүкіл әлемдік отбасы конгресі жүргізеді.