Суды тыңайтқыштармен ластағандарға аямай айыппұл салынатын болды
Суды тыңайтқыштармен ластағандарға аямай айыппұл салынатын болды
5 жыл бұрын 1949 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Германия аумағындағы жерасты сулары тыңайтқыштармен және нитратпен ластанған. Осыған байланысты аталған елге Еуропалық комиссия қатаң талап қойып отыр. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Еуропалық комиссия нитрат туралы директива шарттарының бұзылуына қатысты тергеу-тексеру жұмыстарының екінші кезеңін бастады. Бұл жайында Германияның қоршаған орта министрлігі мәлім етті. Осыған байланысты Германия билігіне екі ай мерзім мұрсат беріліп отыр. Еуропалық комиссияға ресми жауап қайтаруына. Аталған мәселе бойынша. Бұл аралықта немістер тыңайтқыштарды шектен тыс пайдалануға қарсы пәрменді шара қабылдауы тиіс. Осыдан кейін ғана барып, еуропалық комиссия Германияны Еуропалық сотқа беретінін немесе бермейтінін шешеді. Егер Германия еуропалық комиссияға лайықты жауап бере алмаса, жыл сайын 850 мың еуро мөлшерінде айыппұл арқалайды. Биыл жазда неміс фермерлері гендік модификацияланған өнімдер туралы еуропалық заңнаманы реформалауға шақырған болатын. Олар климаттың өзгерісіне бейім ауыл шаруашылық өнімдерін енгізуды талап етуде.

0 пікір
Мұрағат