Сот үкімі бойынша қылмыскерді бір көзінен айырды
Сот үкімі бойынша қылмыскерді бір көзінен айырды
2 жыл бұрын 1095

Иранда адамға қышқыл шашып, бір көзінің көрмей қалуына себепкер болған қылмыскер қатаң жазаға тартылды. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Тарқатып айтқанда, Иран заңына сәйкес «қанға – қан, жанға – жан» қағидасы үстемдік ететін елдегі Раджай-Шахр түрмесіне түскен қылмыскерді наркоздан ұйқыға кеткенде сот үкімі бойынша сол көзін ағызып жіберді. Бұған қоса, қылмыскерге айыппұл салынып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Хабарда айтылғандай, алғашқыда қылмыскердің екі көзін де бірдей ағызып жібермек болған екен – Иран заңы бойынша өзін жәбірлеген адамға қандай жаза түрін таңдауда оның оң көзін ағызып жіберуді жарты жылға шегеруді сұраған. Бұл уақыт аралығында айыпкер өзіне қатысты қолданылған жазаға байланысты шағым түсіре алады. Құқық қорғаушылар осындай қатаң үкім шығарған Иран сотын адам құқығына қол сұқты деп айыптап отыр. «Осынау актіге Иран билігімен бірге қатысқан медицина қызметкерлері Гиппократтың антын бұзды, олар өздерін дәрігерміз деп есептемеуі керек»,- деп мәлімдеді Норвегиядағы Iran Human Rights (IHR) ұйымының өкілі Махмұд Амири-Муггадам.

0 пікір